«Ата Заң аясында» атты концерт өтеді

24 Тамыз 2021, 20:40
7720
Бөлісу:
«Ата Заң аясында» атты концерт өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қала әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестірі 27 тамыз күні «Ата Заң аясында» атты мерекелік концерт өткізеді. Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор - Айтқали Жайымов.

Кеш мақсаты – еліміз үшін аса маңызды Конституцияның, мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат екенін насихаттау. Ата заң 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Заңымыз - біздің қорғанымыз, байтақ, дарқан еліміздің өткені мен болашағын байланыстырушы. Сондықтан келер ұрпаққа осы құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында концертте Қазақ оркестрі және «Шалқыма» халық би ансамблі, Халықаралық конкурстардың лауреаттары - Алтынбек Әбілда, Арман Жайым, Сәкен Бекжанов, Бауыржан Нұрмұхамедов, Әйгерім Аманжолова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Талғат Аллаберинов өнер көрсетеді – дейді ұйымдастырушылар.

Зайырлы Қазақстанның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығы болатын егеменді еліміздің «Ата заң аясында» атты мерекелік LIVE концертті онлайн тамашалауға болады.

Өзгелердің жаңалығы