Ата-аналардың қанша пайызы сабаққа қатысуға дайын

21 Маусым 2023, 20:28
779
Бөлісу:
Ата-аналардың қанша пайызы сабаққа қатысуға дайын
Фото: BAQ.KZ

12 мыңнан астам адам «Ата-аналар академиясы» жобасы аясындағы сауалнамаға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының хабарлауынша, «Ата-аналар академиясы» жобасында сабақ тақырыптарының қажеттілігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға 12 526 адам қатысты. Сауалнама ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

«Ата-аналар академиясының» білім беру жобасы осы жауаптарға қарай ата-аналарды оқытудың тақырыптық бағыттары әзірленеді.

Сауалнамаға қатысқан 12 526 адамның 56,2%-ы ауыл, 43,8%-ы қала тұрғындары. Олардың 35,1% Түркістан, 10,5% Атырау, 10%-ы Жетісу облыстарынан, қалған 44,4%-ы еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары. Респонденттердің 54%-ы мектепте айына 1 рет күндізгі оқу нысанында өткізілетін сабақтарға қатысуға дайын.

Өзгелердің жаңалығы