Асылы Осман әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс берді

20 Қараша 2022, 08:32
969
Бөлісу:
Асылы Осман әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс берді

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол әрбір сайлауда ертемен келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс береді.

«Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Қабанбай бабамыз «Хан біреу қалғандарымыз тіреу болсын» деп айтқан екен. Қарақтарым, осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін», - деді Асылы Осман.

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті болуға үміткерлердің қатарында Жигули Дайрабаев бірінші болып дауыс берді. Одан кейін ЖСДП пратиясы атынан сайлауға түскен Нұрлан Әуесбаев өз таңдауын жасады. Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та сайлау учаскелеріне ерте келіп, кандидаттарға дауыс берді. 

Өзгелердің жаңалығы