Астық импортын шектеу құс фабрикасына әсер етпейді - АШМ

27 Қыркүйек 2023, 11:18
679
Бөлісу:
Астық импортын шектеу құс фабрикасына әсер етпейді  - АШМ
Фото: BAQ.KZ - архив

Астық импортын шектеу жөніндегі тыйым транзитке, элеваторларға, құс фабрикасына және өңдеушілерге әсер етпейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан аумағына авто және темір жол көліктермен бидайды әкелуге тыйым салу туралы осыған дейін жарияланған бұйрыққа қосымша түсіндіре отырып, тыйым – лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына вагондармен импортталған бидайға әсер етпейтінін хабарлайды. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға да әсер етпейді, - делінген АШМ таратқан хабарламада.

Қабылданған шара елдің халықаралық міндеттемелеріне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ нормаларына қайшы келмейтінін атап өтеміз. ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тауарлардың өзара саудасында, егер олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда, шектеулерді қолдануға құқылы.

Сонымен қатар, ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, астықтың жалпы жиналуының күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Ауыспалы бидай қоры 1 қыркүйекте 3,7 млн тонна.

Лицензияланған элеваторлардың тізбесі сілтеме бойынша сайтта орналастырылған.

Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін "Атамекен "ҰКП" қалыптастырады және өзектендіреді.

Өзгелердің жаңалығы