Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Смайылов ескерту жасады

2 Мамыр 2023, 10:48
3076
Бөлісу:
Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Смайылов ескерту жасады
Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Қазақстан 2050-ші жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біздің алдымызда 2025-ші жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98 пайыз, ауылдық елді-мекендерде 94 пайызды құрап отыр. Аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, Қазақстан 2050-ші жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді, - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысының сөзінше, Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр.

Өкінішке қарай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді. Бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет. Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру қажет.Бұдан басқа, әлі шешімін таппаған бірқатар жүйелі проблемалар бар. Мәселен, кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кетті, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы