Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

21 Желтоқсан 2023, 09:17
422
Бөлісу:
Астананың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 желтоқсан күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника шықты.

Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізілуде.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елордада алғаш қар жағаннан бері полигондарға шамамен 250 000 текше метр қар шығарылды, бұл – 17 мыңнан астам рейс.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 желтоқсанда Астанада қарлы боран болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – секундына 15-20 метр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда абай болуы, қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы