Астананың коммуналдық қызметі бір тәулікте 24 мың текше метр қар шығарды

16 Сәуір 2023, 15:37
734
Бөлісу:
Астананың коммуналдық қызметі бір тәулікте 24 мың текше метр қар шығарды
Фото: gov.kz

Қалың жауған қарға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

16 сәуір күні таңертең елордада қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.

16 сәуірге қараған түні қаладан полигондарға 24 мың текше метрден астам қар немесе 2 134 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы