Астананың 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды

15 Ақпан 2024, 09:51
331
Бөлісу:
Астананың 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды
Фото: instagram.com/bilimastana

Қалалық білім басқармасы екінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін бірінші ауысымда оқитын 0-9-сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы