Астананы Жаңа жылға дайындау үшін қанша қаражат жұмсалады?

25 Желтоқсан 2022, 17:15
1384
Бөлісу:
Астананы Жаңа жылға дайындау үшін қанша қаражат жұмсалады?

Елордада Жаңа жылды қарсы алуға дайындықтың басым бөлігі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада еліміздің бас шыршасы орнатылып, бірнеше сырғанақтар мен мұз қалашықтары бой көтерді, бірақ мерекелік атмосфераны жасау әлі де жалғасып жатыр. Көшелер мен даңғылдар гирляндалармен безендіріліп, саябақтарға тақырыптық фигуралар орнатылды, сырғанақтар жасалып, мұз айдындары қоршалды.

Ktk.kz хабарлағандай, Сарыарқа ауданын безендіруге бюджеттен 89 млн бөлінген. Бұл тек безендіру үшін емес, қалпына келтіру жұмыстарына - сырғанақтар мен мұз айдындарын күтіп ұстауға арналған.

Биыл бүкіл қаланы безендіруге 290 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады. 

Айта кетейік, бас шырша ЭКСПО-2017 алаңында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы