Астаналықтарға кейбір автобус жолақтарына уақытша кіруге рұқсат етілді

15 Маусым 2024, 00:20
553
Бөлісу:
Астаналықтарға кейбір автобус жолақтарына уақытша кіруге рұқсат етілді
Фото: gov.kz

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңіне көлік жүктемесін азайту мақсатында кейбір көшелердегі “Сергек" камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдың асфальт жабынын төсеуге және жол белгілерін қоюға байланысты кейбір көшелерде автомобильдердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Осыған байланысты көлік жүктемесін төмендету мақсатында осы жылдың 14 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында, сондай-ақ Сарайшық және Сарыарқа көшелерінде "Сергек" камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды.

Жүргізушілерден елорда жолдарындағы өзгерістерді түсінуді және ескеруді сұрайды.

Өз қауіпсіздігі үшін тұрғындардан жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін қоспағанда, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы