Астаналық шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді

21 Қыркүйек 2023, 01:20
1188
Бөлісу:
Астаналық шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: gov.kz

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күні кеше басталған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына үшінші болып енді.

Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.

Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады.

Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.

Айта кетейік, жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы