Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді

19 Қыркүйек 2023, 19:58
1226
Бөлісу:
Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күні кеше басталған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.

Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына үшінші болып енді.

Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.

Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді


Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады.

Астаналық шабандоз 1300 шақырымды еңсеріп, гиннестер рекорд кітабына енді


Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.

Айта кетейік, жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы