Астаналық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушыларға қан тапсырды

18 Қараша 2022, 14:09
814
Бөлісу:
Астаналық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушыларға қан тапсырды

Астананың көпқабатты үйінде болған өрттің салдарынан азаматтарды құтқару кезінде елордалық ТЖД-ның екі өрт сөндірушісі зардап шекті. Олар күйікпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болды, деп хабарлады BAQ.KZ Polisa.kz-ке сілтеме жасап. 

Көмекке Астана қаласы Полиция департаментінің полицейлері үлестерін қосты. Олар өрттен зардап шеккендер үшін қан тапсырды. 

Тәртіп сақшылары әрқашан көмектесуге дайын және олар тапсырған қан адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеді.

Өзгелердің жаңалығы