Астаналық полицейлер 39 киберқылмысты ашты

29 Қараша 2023, 14:02
446
Бөлісу:
Астаналық полицейлер 39 киберқылмысты ашты
Фото: Polisia.kz

Астаналық тәртіп сақшылар «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, Астаналық тәртіп сақшылар «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ 

«Hi-tech» жедел іс-шарасы барысында полицейлер 39 киберқылмысты ашты. Шабуыл жасаушылар тұрғындарды онлайн-сауда саласында сатушы немесе сатып алушы деген желеумен, сондай-ақ ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырамыз деген сылтаумен алдап келген. Осылайша, жедел іздестіру шаралары барысында Instagram қосымшасында, What’s App қосымшасының сілтемесі көрсетілген қаражатты көбейту үшін жарнаманы іске қосқан 19 жастағы жігіт анықталған.

Зардап шеккендермен хат алмасу кезінде ол қомақты табысқа уәде беріп, абоненттік нөмірге теңгерім түрінде ақша жіберуді сұраған. Осыдан кейін өзінің банк картасына ақшаны аударып отырған. Осылайша, жас жігіт алаяқтық жолмен сенімге кіріп, 46 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденген. Бұған қоса, ол 40 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп, осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, - делінген Polisia.kz сайтында.

Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы