Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

2 Қараша 2023, 17:56
469
Бөлісу:
Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді
PHOTO
Фото: Ақорда

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZАқордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.

Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді
Өзгелердің жаңалығы