Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы жолдар жабылды

23 Наурыз 2022, 14:05
1820
Бөлісу:
Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар жол қайтадан жабылды. Бұл туралы Ikomek жедел қызметі хабарлады. 

Бүгін, 23 наурыз сағат 12.30-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» тасжолының 18-231 шақырым аралығындағы учаскесі жабылды. Бұл – Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск арасын қамтитын автожол. 

Сонымен қатар бүгін «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» жолының 16-200 шақырымындағы жол жабылды. Бұл елордадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралықты алып жатқан жол. 

Жолдың жабылуына ауа райының бұзылуы, боран мен жолдың көрінбеуі себеп болған.  

Өзгелердің жаңалығы