Астанадан бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды

15 Ақпан 2024, 22:10
380
Бөлісу:
Астанадан бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада соңғы күндері қалың қар жауып, боран күшейді. Коммуналдық қызметтер күн сайын 10 мың текше метрден астам қарды қала сыртына шығарып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Астанадан бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды

14 ақпаннан 15-іне қараған түні көшелерден 55,5 мың текше метр қар жиналып, полигондарға шығарылды. Бұл 4 мыңға жуық ауыр жүк көлігіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 339 мыңға жуық рейс арқылы 4,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Астанадан бір түнде 55 мың текше метрден астам қар шығарылды

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Айта кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда елордада қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.

Өзгелердің жаңалығы