Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды

28 Қаңтар 2024, 14:17
367
Бөлісу:
Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты.

Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды.

Өзгелердің жаңалығы