Астанадан 54 мың текше метрден аса қар шығарылды

6 Ақпан 2024, 10:18
341
Бөлісу:
Астанадан  54 мың текше метрден аса қар шығарылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі қардың қалың жаууына байланысты күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 300-ге жуық жол жұмысшысы мен 1,3 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5 ақпан күні кешке елордадан 54 мың текше метрден астам қар немесе 3 869 жүк көлігі шығарылды.

Астанадан  54 мың текше метрден аса қар шығарылды

Қыс басталғаннан бері полигондарға 3,7 млн текше метр қар немесе 277 300 жүк рейсі шығарылды.

Астанадан  54 мың текше метрден аса қар шығарылды

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигоны орналасқан. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

Астанадан  54 мың текше метрден аса қар шығарылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 6 ақпанда Астанада күн бұлтты. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соққан жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -1-3 градус нөлден төмен.

Өзгелердің жаңалығы