Астанадағы төрт бағытқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады

9 Ақпан 2024, 23:30
471
Бөлісу:
Астанадағы төрт бағытқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады
Фото: архив

Демалыс күндері Астанада қалалық төрт бағыт бойынша қосымша жеті автобус жолаушы тасымалдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасай отырып қай бағыттарда автобус саны артатынын хабарлады.

10 ақпаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында келесі қалалық бағыттарда демалыс күндері автобустар саны артады:

№3 бағытта 2 бірлікке (12 автобус);

№13 бағытта 2 бірлікке (10 автобус);

№20 бағытта 1 бірлікке (12 автобус);

№ 44 бағытта 2 бірлікке (12 автобус).

Өзгелердің жаңалығы