Астанадағы тергеу изоляторында қардан мүсін жасаудан байқау өтті

6 Ақпан 2024, 21:12
389
Бөлісу:
Астанадағы тергеу изоляторында қардан мүсін жасаудан байқау өтті
Фото: polisia.kz

Конкурс үшін сотталғандар қардан барлығы 8 фигура дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шаруашылық қызмет көрсету отрядының сотталғандар қатарынан 4 команда қазылар алқасының назарына өздерінің мүсіндік композицияларын ұсынды. Конкурс үшін сотталғандар қардан барлығы 8 фигура дайындады. Мекеме комиссиясы жеңімпаздарды анықтап, конкурстың аяқталуына тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қанат Керімбайұлы түсініктеме берді. 

Біз әрқашан қамқорлығымыздағы сотталғандардың бастамасын әрқашан қолдаймыз, өйткені бұл сотталғандарды түзетудің бір жолы. Мен біздің мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға сұлулық пен өнерге деген құштарлықты көріп осы байқау арқылы сотталғандарды басқа қырынан көріп отырмын, – дейді Қанат Керімбайұлы. 

Патриоттық сипаттағы шағын архитектуралық формалар ертегі мен мультфильм кейіпкерлерінің фигуралары болды. 

Қар мүсіндерін жасау байқауында тақырып бойынша ешқандай шектеу болмағандықтан менің әріптестерімнің көпшілігі мультфильм кейіпкерлерін құрастыра бастады. Мен де олардан шет қалмадым. Біз серіктесім екеуміз “Арыстан патша” мультфильміндегі кейіпкердің мүсінін жасадық. Шын мәнінде түзету мекемесінде отырған адам мұндай кезде бір сәт балалық шағына оралып, ерекше әсерге бөленеді, – дейді сотталған азамат.

Өзгелердің жаңалығы