Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі? - Алтай Көлгінов жауап берді

6 Маусым 2023, 12:20
1061
Бөлісу:
Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі? - Алтай Көлгінов жауап берді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов елордадағы су беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Астанадағы кейбір аудандарда үйлерге су беруге қатысты мәселе барынан хабардар болып шықты.

«Астанадағы су тапшылығына шенеуніктерден кім жауап беруі керек. Кешіріңіз, бірақ қазір астаналықтар су мәселесінен қатты қиналып жүр. Далада аптап ыстық» деп сұрақты төтесінен қойды БАҚ өкілдері.

Біз бұл туралы білеміз. Әкімдік бұл мәселемен шұғылданып жатыр. Қалада халықтың саны тез өсіп жатыр. Мен Астананың әкімі ретінде 3,5 жыл жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 350 мың адам елордаға көшіп келді. Түсінесіз бе? Халықтың саны тез өсіп жатыр: миграция және демография есебінен. Осыны ескеріп, мұндай мәселе болатынын білдік. 2020 жылы сорғы-сүзгі станциясын салдық. Қазір жоба аяқталған. Су болады. Сондықтан осы жобаны тез аяқтау керек. Әкімдік маусымда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Тәулігіне 35 мың куб су беріледі, - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Ал «Өз үйіңізде су бар ма?» деген сұраққа былай деп жауап берді.

Астанадағы кейбір жерлерде су тапшылығы бар. Мен тұратын тұрғын үйде су бар. Алматы ауданындағы көпқабатты үйде тұрамын, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы