Астанадағы қалың қарды тазартуға 2300-ден астам жұмысшы тартылды

19 Желтоқсан 2023, 12:02
376
Бөлісу:
Астанадағы қалың қарды тазартуға 2300-ден астам жұмысшы тартылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр.

Астанадағы қалың қарды тазартуға 2300-ден астам жұмысшы тартылды

Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ маршруттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.

Астанадағы қалың қарды тазартуға 2300-ден астам жұмысшы тартылды

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, сол сияқты жарықтандыру қосылған.

Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалды.

Астанадағы қалың қарды тазартуға 2300-ден астам жұмысшы тартылды

Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, - деп ескертті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы