Астанадағы проблемалы үйлер қашан салынып бітетіні анықталды

5 Сәуір 2024, 17:44
259
Бөлісу:
Астанадағы проблемалы үйлер қашан салынып бітетіні анықталды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Елордадағы проблемалы деп танылған тұрғын үйлер 2024 жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ұзаққа созылған тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда. Мысалы, 2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды. 

Осылайша, 2024 жылға дейін 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды және үлескерлерге пәтер кілттері берілді. 2024 жылы бұл мәселе толық шешіледі. 

Тағы 9 нысан бойынша үлескерлерге кілттерді блокпен тапсыру алдағы айларға жоспарланған, яғни проблемалы деп танылған барлық нысан 2024 жылдың бірінші-екінші тоқсанында аяқталады. Мысалы, ақпан айында «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары көптен күткен кілттерін алды. 

Оның құрылысы 11 жыл бойы жүргізілді. Құрылысы 2013 жылы басталған нысан 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлердің саны 200-ге жуық отбасын құрайды. Үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы