Астанадағы дәмханалардың бірінде 37 адам астан уланды

30 Желтоқсан 2023, 07:40
520
Бөлісу:
Астанадағы дәмханалардың бірінде 37 адам астан уланды
Фото: baq.kz

Астанада «Okadzaki» мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам өзін жайсыз сезініп, қатты ұшынған. Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс басталғанын хабарлады. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәл осы «Okadzaki» мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған, деп хабарлайды Astana.tv.

«Okadzaki» мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, - деп мәлімдеді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы