Астанадағы азаматтық форумға 600-ден аса қатысушы жиналды

18 Қазан 2023, 10:42
410
Бөлісу:
Астанадағы азаматтық форумға 600-ден аса қатысушы жиналды
Фото: автордан

Елордада Қазақстанның ХI Азаматтық форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға офлайн режимінде 600-ден астам, онлайн режимінде кемінде 2000 адам қатысады.

Бүгінгі форум республика бойынша барлық өңірлерде өткен. Кездестік, пікір таластық, сұхбаттастық, ұсыныстар бердіңіздер. Сол өңірде өткен форумдардың жаңғырығы міне, Астанада болып жатыр, - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ашылу салтанатында.

2023 жылы алғаш рет еліміздің 20 өңірінде облыс әкімдіктері мен өңірлік кәсіпкерлер Палаталарының қолдауымен қоғам белсенділері өңірлік форумдарды ұйымдастырып, өткізді. Олардың әрқайсысында белгілі бір аймаққа тән түрлі тақырыптар бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Республикалық форум өңірлерде өткен форумдардың логикалық қорытындылауы болмақ.

Астанадағы азаматтық форумға 600-ден аса қатысушы жиналды

Қазақстанның бірінші Азаматтық форумы өткелі бері 20 жыл өтті. Біз бүгін басқамыз, өзгердік. Мықты, ересек азаматтық қоғамға айналдық. Бұл форумда ең белсенді, өз ұстанымы бар, қоғам дамуына бейжай қарамайтын адамдар жиналды. Бүгін, ертең түсетін барлық ұсынымдар, идеялар, бастамалар жинақталып, оларды мемлекеттік ұйымдар азаматтық қоғаммен бірлесіп іске асыратын болады, - деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

Өзгелердің жаңалығы