Астанадағы әлем чемпионаты: 9-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті

22 Сәуір 2023, 21:00
702
Бөлісу:
Астанадағы әлем чемпионаты: 9-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті
Фото: Elorda.info

Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы атағына таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы матчтың 9-партиясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ойынның алғашқы символикалық жүрісін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жасады.

Бұл кездесуде Непомнящий ақ, ал Лижэнь қара фигуралармен ойнады.

Қытайлық шахматшының қателігін пайдаланған Ресей спортшысы жеңіске жетті. Осылайша Ян Непомнящий жалпы есепте 5:4 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, жарыс 14 партиядан тұрады. Алайда, ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады.

Жарыстың жүлде қоры 2 миллион еуро, оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын қарсыласы алады.

Өзгелердің жаңалығы