Астанадағы №44 автобустағы дүрбелеңнің себебі анықталды

№1 автобус паркі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме беріп, автобуста өрт болмағанын мәлімдеді.

27 Шілде 2026, 17:12
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 27 Шілде 2026, 17:12
27 Шілде 2026, 17:12
108
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Әлеуметтік желіде Астанадағы №44 бағыттағы автобуста болған оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бараев көшесінде болған. Желіде жарияланған видеода автобус ішіне ақ түсті ұнтақ шашылып, жолаушылардың абыр-сабыр болғаны көрінеді. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары мұны автобус бұзылып, түтін шыққан жағдаймен байланыстырған.

Алайда №1 автобус паркінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста ешқандай өрт болмаған. Автобус қозғалыс кезінде жолаушылардың бірі абайсызда сөмкесімен өрт сөндіргішті қағып кеткен. Соның салдарынан өрт сөндіргіш өздігінен іске қосылып, оның ішіндегі ұнтақ автобус салонына шашылған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта автобус техникалық тексеруден және тазалау жұмыстарынан өтіп жатыр. Барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік қайтадан бағытқа шығарылады.

Наверх