Астанада жыл соңына дейін 70-тен астам 5G базалық станциясы орнатылады

Қазіргі уақытта қалада 423 базалық 5G станциясы жұмыс істеп тұр. Биыл байланыс сапасы төмен 22 аумақ анықталып, оның 12-сіндегі мәселе шешілген.

 pixabay 16 Қыркүйек 2026, 05:35
16 Қыркүйек 2026, 05:35
136
Фото: pixabay
Астанада жыл соңына дейін 74 жаңа 5G базалық станциясын орнату жоспарланып отыр.
 
Бұл туралы елорданың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта қалада 423 базалық 5G станциясы жұмыс істеп тұр. Биыл байланыс сапасы төмен 22 аумақ анықталып, оның 12-сіндегі мәселе шешілген.

Сонымен қатар Астанада 16 тұрғын алабы мен бір саяжай массиві жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. 12 мың жеке үй оптикалық желіге қосылды.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қаладағы 240 нысанға 1200 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған. Қазір оның 1142-сі орнатылып қойған.

Наверх