Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алуды ұсынған алаяқ ұсталды

9 Шілде 2024, 09:43
1054
Бөлісу:
Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алуды ұсынған алаяқ ұсталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сөйтіп, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан. Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған. WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетініне сендірген.

Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан. Полицейлер қылмыскерді анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полицейлер жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және тек уәкілетті органмен берілетінін еске салды. Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың жүргізуші куәлігін жасау туралы жарнамалар жалған болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған құжаттарды алғаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Біз азаматтарға ешқашан бейтаныс адамдарға өздерінің электрондық шоттарына, электронды әмияндары мен ұялы телефон шоттарына ақша аудармау керектігін ескертеміз, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы