Астанада жүк көлігі үш бірдей көлікті соқты

19 Мамыр 2023, 08:19
513
Бөлісу:
Астанада жүк көлігі үш бірдей көлікті соқты
Фото: zakon.kz

Астанада жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі үш көлікті жаншып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол апаты 2023 жылғы 14 мамырда болған. HINO жүк көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесінен Орынбор көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие алмай Toyota Camry, Volkswagen Passat, Toyota Hilux маркалы үш көлікті соққан.

Оқиға орнынан түсірілгени видео әлеуметтік желіде тарады.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, HINO көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы