Астанада жер сілкінісі болуы мүмкін бе? - Министр жауап берді

23 Қаңтар 2024, 13:10
1361
Бөлісу:
Астанада жер сілкінісі болуы мүмкін бе? - Министр жауап берді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінің күші туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист министрге "Алматыда болған жер дүмпуі неге Астанаға дейін жетті? Себебін түсіндіре аласыз ба?" деп сұрақ қойды.

Сейсмология – үлкен ғылым. Күшті жер сілкінісі болды. (Жер сілкінісінің эпицентрі) Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасқан. Афтершок, жер сілкінісі жойқын болды. Рихтер шкаласы бойынша – шамамен 6,5-7 балл. Тербелес күшті болды. Сондықтан ол орталық Қазақстанда сезілді. (Жер сілкінісінің) толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды... Сондықтан біз әлсіз болса да оны сездік, - деді Саясат Нұрбек.

Министр "Астанада жер сілкінісі болуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді.

Жоқ, Астана Тұран платформасында орналасқан. Ол – өте тұрақты, ескі платформа. Сондықтан бұл жай афтершок болды. Уайымдауға себеп жоқ, - деді ведомство.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттердің жағдайы қалай екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы