Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

13 Ақпан 2024, 18:31
426
Бөлісу:
Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Қазгидрометтің мәліметінше, Астанада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық. Екі аптаға жетер-жетпес уақытта коммуналдық қызметтер 1,1 млн текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді: қар күреу, жолдар мен тротуарларды мұздан тазарту, реагенттер себу (құм-тұз қоспасы).

Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метр, яғни 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең қар шығарды.

Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Астанада жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Қыс мезгілінің басынан бастап қала сыртындағы қар полигондарына барлығы 325,7 мың рейс арқылы 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы