Астанада Жарсуат тұйық көшесі жөндеу жүруіне байланысты уақытша жабылады

17 Мамыр 2024, 13:36
199
Бөлісу:
Астанада Жарсуат тұйық көшесі жөндеу жүруіне байланысты уақытша жабылады
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М.Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілгені туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік қозғалысы осы жылдың 16-26 мамыры аралығында толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы