Астанада жаңа газ жылу станциясының құрылысы басталды

24 Қазан 2023, 09:40
820
Бөлісу:
Астанада жаңа газ жылу станциясының құрылысы басталды
PHOTO
Фото: jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің instagram парақшасында елордада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталғаны туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тағы бір «Телман» газ жылу станциясының құрылысын бастадық. Бұл энергия көзінің қуаты сағатына 600 Гкалды құрайды. Қазіргі уақытта бұл нысанда қазандық ғимаратын салу жұмысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жылу-механикалық жабдықтарды ішінара жеткізу орындалды. Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған, - деді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, бұл газ жылу станциясы «Бағыстан» тұрғын үй ауданы, халықаралық әуежай, Пригородный елді мекені және т.б. аумағындағы перспективалы құрылыстарды жылумен қамтамасыз етеді екен.

Астанада жаңа газ жылу станциясының құрылысы басталды

Биыл күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтадық. Қазіргі жылыту маусымында олар сағатына 700 Гкал күш береді. Мәселен, «Оңтүстік-Шығыс» станциясы құрылысы қарқынды аумақтарды жылумен қамтамасыз етеді: Мыңжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» вокзалы, «Бағыстан» тұрғын ауданы және т.б. «Тұран» станциясы – қаланың сол жағалауындағы жаңа құрылыс аудандарын қамтиды, - деді Жеңіс Қасымбек.

Астанада жаңа газ жылу станциясының құрылысы басталды

Астана қаласы әкімінің айтуынша, осылайша жүйелі түрде инфрақұрылым нысандары мен инженерлік желілерді салу жұмысы жалғасады. Өйткені қалада өмір сүру қолайлылығы олардың үздіксіз жұмысына байланысты.

Өзгелердің жаңалығы