Астанада жаңа әуежай құрылысы қашан басталатыны нақты айтылды 

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, Астана әуежайын жаңғырту – бірінші кезектегі міндет. Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын бастап кетті.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 10:24
Бүгiн 2026, 10:24
115
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежай құрылысын бастау жоспарланып отырған мерзімді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әуежай инфрақұрылымына келсек, алдағы үш жыл ішінде оны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұған дейін айтылғандай, Астана әуежайын жаңғырту – бірінші кезектегі міндет. Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланып отыр, – деді министр сәрсенбі күні Үкімет отырысында.

Еске салайық, кеше өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салуды «шұғыл міндет» деп атаған еді.

Наверх