Астанада жалға алған пәтерін босатпай, үй иесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері 22 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру барысында күдіктінің пәтерді жалға алғаны, алайда оны уақытында босатпағаны белгілі болды. Пәтер иесімен туындаған жанжал барысында ол әйелге дене жарақатын салып, оның ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтқан.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, былапыт сөздер айту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада автобуста жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан чемпионатындағы жанжал: Бапкер волейболшы қызды ұрып жіберді
Балқаштағы кісі өлімімен аяқталған төбелес: Үш адам сотталды
Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге үкім шықты