Астанада зейнеткерлерге қандай үйірмелер бар?

26 Қыркүйек 2023, 12:45
1034
Бөлісу:
Астанада зейнеткерлерге қандай үйірмелер бар?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылдың қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік қазір онда 27 түрлі бағытта үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтінін айтты.

Орталық спорт залы, компьютерлік сынып, вокал, шығармашылық шеберлік сыныптарымен жабдықталған. Онда поэзия кештері, кітап тұсаукесерлері сияқты мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік және ағылшын тілі курстары белсенді түрде өтіп жатыр, - деді ол.

Сондай-ақ Еркебұлан Мәлік орталық қызметтерін алушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын компьютерлік сауаттылық курстары, эмоционалды босату кабинеті (сенсорлық кабинет), физиологиялық релаксация кабинеті ұйымдастырылатынын жеткізді.

Бүгінгі күні орталықта 7 500 астам зейнет жастағы адам қызмет алады. Қаланың төрт ауданында орталықтың филиалдары орналасқан. «Есіл» ауданы бойынша Достық көшесі, 13 , «Байқоңыр» ауданы бойынша Абай көшесі, 46 ,«Сарыарқа» ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үй, «Алматы» ауданы бойынша Қошқарбаев көшесі 29-үйде орналасқан, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы