Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады

31 Қазан 2023, 14:29
457
Бөлісу:
Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

31 қазанда қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық стансалардағы велосипедтер 31-інен 1-іне қараған түні сағат 00:00-де бұғатталады. Осыдан кейін жалдауды пайдалану мүмкін болмайды. Теңгерім келесі маусымға ауыстырылады. Ал абоненттік төлем сақталмайды. Қаласаңыз теңгерімде қалған қаржыны Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы