Астанада Ұлы Абай күніне арналған «Домбыра Party» өтеді

Бүгін қазақстандықтар Абай күнін атап өтіп жатыр. Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Архив BAQ.KZ 10 Тамыз 2024, 11:48
10 Тамыз 2024, 11:48
1620
Фото: Архив BAQ.KZ

Бүгін қазақстандықтар Абай күнін атап өтіп жатыр. Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солардың бірі – «Домбыра Party» әдеби сазды кеші.

Айтулы шара Есіл өзенінің жағалауы, Хан Кенесары ескерткішінің маңы, жазғы караоке алаңында 10 тамызда кешкі сағат сегізде басталады.

«Дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы - өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтасыздар», - дейді шараны ұйымастырушылар.


Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері аталып өтіп келеді. Ұлы ақынның 175 жылдың мерейтойы қарсаңында ел үкіметі аталған датаны мерекелер тізіміне енгізді.

Наверх