Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

21 Тамыз 2023, 13:51
770
Бөлісу:
Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласында 4-10 қыркүйек күндері Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек спорт түрлерінен еліміздің барлық өңірі сынға түсетін болады.

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

Төрт жылдықтың басты додасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ұлттық спорт түрлері бойынша федерациялар және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

«Қазанат» ипподромы - көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсеке мынадай спорт кешендерінде өтеді:

«Qazaqstan» ЖАСК - асық ату, тоғызқұмалақ.

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы - қазақ күресі.

«Аспан» спорт кешені - жекпе-жек.

Өзгелердің жаңалығы