Астанада Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол азаматтарға Чехияға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Осы сылтаумен ақша алып, кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.
Күдіктінің алаяқтықтың кем дегенде алты эпизодына қатысы бар екені анықталды. Жалпы шығын көлемі шамамен 800 мың теңгені құрады. Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ведомство азаматтарды шетелде жұмысқа орналастыруды ұсынатын жеке тұлғаларға сенбеуге шақырады. Мамандар қызмет ақысын төлемес бұрын компаниялардың лицензиясының бар-жоғын тексеруді және шарт талаптарын мұқият зерделеуді ұсынады.
Сондай-ақ, қазақстандықтардан барлық шарттарды толық түсінгенге дейін ақша аудармауды және қандай да бір күмән туындаған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуды сұрайды.