Астанада тәртіп бұзатындар жаңа әдіспен бақыланады

22 Ақпан 2024, 10:17
476
Бөлісу:
Астанада тәртіп бұзатындар жаңа әдіспен бақыланады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласының Полиция департаменті "Ekin Patrol G 2" жобасын енгізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 ақпаннан бастап қала жолдарында "Ekin Patrol G 2" мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған 5 экипаж патрульдейтін болады.

Оның негізгі мақсаты Астана қаласының жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

"Ekin Patrol G 2" қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан автокөліктердің жылдамдық режимін бұзушылықтарды тіркеудің бірегей мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ 360 градусқа жан-жағын шолып қарайтын панорамалық бақылау кешені арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл функция осындай автокөліктерді ұстауға жедел әрекет жасауға ықпал етеді, - делінген хабарламада.

Кешеннің мобильді әрі көп функционалды болуы есебінен бұзушылықтарды тіркейтін стационарлық камералары жоқ көшелердің учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушылықтар тіркелетін болады.

Жалпы енгізіліп жатқан іс-шаралар жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы