Астанада "Шарын" базары өртенді

21 Ақпан 2024, 07:05
761
Бөлісу:
Астанада "Шарын" базары өртенді
Фото: видеодан кадр

Астанада "Шарын" базарының аумағында жеке тұрған ангарда жиһаз бен шаруашылық тауарлары өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық өрт сөндірушілер өртті бірден сөндіруге кіріскен.

Алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайтын өрт сағат 05:05-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 10 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетпейік, бұған дейін Алматыда өрттен екі адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы