Алматыда өрттен екі адам қаза тапты

21 Ақпан 2024, 00:27
429
Бөлісу:
Алматыда өрттен екі адам қаза тапты
Фото: Арман Мухатов -архив

Алматыда жеке үйдің аумағында жазғы үй өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар оқиға орнынан екі адамның денесін тапқан.

Алматы ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, өрт Ш. Мұртаза көшесі, 29 мекенжайында сағат 3:43-те орын алған.

Өрт сөндірушілер жеті минуттан соң оқиға орнына жетіп, 15 шаршы метр аумақта жазғы үйдің өртеніп жатқанын анықтады. Кеш хабарлауларына байланысты өрт әбден жайылып, жазғы үйдің төбесі опырылып түсті. Жанында салынып жатқан жеке үйге өрттің жайылу қаупі туындады, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт 03:54-те ауыздықталып, 04:03-те жойылды.

Өртті сөндіру барысында екі адамның денесі табылды. Алдын ала болжамға сәйкес, жазғы үй жалға берілген. Әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін өрт дерегі бойынша материалдар Медеу аудандық ПБ қарасты полиция бөліміне ұсынылды, - деді ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы