Астанада ретрокөліктер шеруі өтті

31 Қазан 2021, 20:09
14736
Бөлісу:
Астанада ретрокөліктер шеруі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезінде қайнаған тіршілікке араласып, адамға көмекші болған түрлі техниканың заманы өтіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ ескінің көзін тоздырмай, сақтап жүргендер де бар. Ретрокөліктерді бабында ұстап, бүгінге жеткізген шеберлер автошеру өткізді. Елордалық ретрокөліктер сапарға шықты. 

Бұл темір тұлпарлардың алды бұл өлкеге сонау тың игеру жылдары жеткізілген. Қазір де сыны кетіп тұрған жоқ. Жүргізушілер қаланы айнала 90 шақырымды жүріп өтті. Барлығы –14 көлік. 

Қазір біз техникаға және осы жолдарды салған адамдарға құрмет білдіргіміз келеді. Біз мұндай автошерулерге әркез қатысып тұрамыз. Бұл ұзақ жылғы қалыптасқан дәстүр - дейді ретрокөлік жүргізушісі Владислав Карелин.

Тың игеру науқаны социализм тұсындағы ірі құрылыс іспетті. 1956 жылы Ақмола облысы 238 миллионнан астам пұт астық жинаған. Оның 180 мыңнан астамы мемлекеттік қабылдау пунктеріне жеткізілді. 1958 жылғы көрсеткіштер одан да артық болды. Сол кезде облыстың колхоздары мен совхоздары мемлекетке 221 миллион 100 мың пұт бидай жинап берді. Міне, осы астықты Газ-51, Зил 164 жүк көліктері тасымалды. 

Бұл негізінен түрлі модификациядағы ГАЗ-51, Газ-21 Волга, ГАЗ-69 көліктері және ЗИЛ -164. Егер байқасаңыз, олардың тіркеуішімен бірге жүреді. Сондай-ақ жанармай тасымалдайтын көлік бар - дейді кәсіпорын директоры Ерлан Баринов. 

Ретрокөліктерді қалпына келтіруде ең қиыны ­ қажет сайман табу. Өйткені барлығында қазір түпнұсқа бөлшектер тұр. Сондықтан шеберлер мүмкіндік болса көне көліктерді өзгертпей, бастапқы қалпында сақтауға тырысады.

Өзгелердің жаңалығы