Астанада қысқы спорт маусымы "Бұрқасын" фестивалімен аяқталады

12 Ақпан 2024, 12:30
290
Бөлісу:
Астанада қысқы спорт маусымы "Бұрқасын" фестивалімен аяқталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордада қысқы спорт маусымы дәстүрлі "Бұрқасын-2024" шаңғы фестивалімен аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада "Бұрқасын" шаңғы фестивалі 2000 жылы басталып, 23 жыл бойы өтіп келеді.

"Бұрқасын" кішігірім жарыстан басталып, 1000-1500 адамды жинайтын үлкен фестивальге айналды, - деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысы Бахтияр Масанов.

Биыл жарыс 24 ақпанда амфитеатр жанындағы Есіл өзенінің жағалауында өтеді. Фестивальға шаңғыдан басқа 9 спорт түрі қосылған. Олар: гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күрес, арқан тартыс, пима киіп ойнайтын хоккей, нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт, қысқы футбол.

Қол күрес пен белбеу күресі 75 келіге дейін және одан жоғары санатта өткізіледі. Автоспорт пен мотоспорт үш жас санатында өткізіледі. Соңғы 3 жылда автоспорт пен мотоспортқа көп қызығушылық білдіріп жатыр. Бұлардан бөлек бізде қысқы футбол мен пима киіп ойнайтын хоккей бар. Ол кәсіби спорт емес, бірақ шаңғы жарысы 3 сағат өтетіндіктен, соның арасына қызықты ойын ретінде қосып отырмыз. Әр командада 8 адамнан болады, - деді Масанов.

Дирекция басшысы арқан тартыс пен нысананы дәлдеп атуға қатысушылар жас санаттарына бөлінбейтінін айтты. барлық тілек білдірушілер қатыса алатынын айтты.

Жарысқа жас топтарына сәйкес және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Оған қоса, дәрігердің рұқсаты қажет. Тіркеуден өтуі мен өтінімнің болуы міндетті. Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар және кішігірім сыйлықтармен марапатталады, - деді ол.

Биыл жарыс 24 ақпанда амфитеатр жанында Есіл өзенінің жағалауында өтеді. Іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, нысананы дәлдеп ату, автоспорт, мотоспорт, қысқы футбол.

Өзгелердің жаңалығы