Астанада құрылыс алаңында кран кабинасы өртенді

Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кран кабинасынан өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Зардап шеккендер бар ма?

 видеодан алынған кадр Кеше 2026, 20:31
Кеше 2026, 20:31
105
Фото: видеодан алынған кадр

Елордадағы Нұра ауданында Шыңғыс Айтматов көшесі бойында салынып жатқан нысан аумағында мұнаралы кран кабинасы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Оқиға орнына елордалық гарнизонның күштері мен құралдары жедел жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде мұнаралы кран кабинасы жанып жатқаны анықталды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілер өртті қысқа уақыт ішінде жедел сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, өрт 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Сол сәтте пәтерде отбасы болған.

Оқиға салдарынан үш бала қаза тапты. Өрт сөндірушілер қаза болған балалардың анасын құтқарып, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан.

Бұған дейін аталған өрт салдарынан үш баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, дәрігерлер үш баласынан айырылған ананың жағдайы ауыр екенін айтты.

Одан кейін қайғылы сәттің куәгері болған әйел өрт басталған бетте түн ішінде қалай оянғанын баяндады. 

Сонымен қатар өрт кезінде құтқарушылардың жолын бөгеген жүргізуші жауапқа тартылды. 

Осыған ұқсас тағы бір жағдай кеше, яғни 13 сәуірде орын алды. Астанада көпқабатты үйдің электр қалқаны өртеніп, 3 адам құтқарылды.

Наверх