Астанада Құдайбердіұлы-Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады

Астанада Құдайбердіұлы-Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады
584

Астана қаласында жөндеу жұмысына байлагысты Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу және реконструкциялау» жобасын іске асыруда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.

Осыған байланысты осы жылдың 25 наурызы мен 10 сәуірі аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Өзгертілген қозғалыс схемасымен суреттен таныс бола аласыздар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан gov.kz
Өзгелердің жаңалығы