Астанада қоймадағы жиһаз бен автокөлік бөлшектері өртенді

20 Сәуір 2025, 05:46
404
Бөлісу:
Астанада қоймадағы жиһаз бен автокөлік бөлшектері өртенді
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан бөлек тұрған цехта өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері дереу оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, өрт сөндіру оқпандарын іске қосқан. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ТЖМ деректерінесәйкес, өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Қойма үй-жайларында автокөлік бөлшектері, жиһаз және құрылыс материалдары жанғаны нақтыланған.

Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы